2026 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Д. Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Балдәурен» мектеп жанындағы тамақтанатын лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Лагерьдің ашылу салтанатына мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысып, жазғы демалыс маусымының басталуымен құттықтады. Іс-шара барысында оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен ән айтып, би билеп, қызықты ойындар мен мерекелік бағдарламаларға қатысты.
Биылғы жылы лагерьге қатысушылар алты топқа бөлінді:
«Жұлдыздар» тобы
«Жалын» тобы
«Достық» тобы
«Балдырған» тобы
«Маусым» тобы
«Жарқын» тобы
Әр топ өздерінің атаулары мен ұрандарын таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында лагерь бағдарламасына спорттық жарыстар, танымдық ойындар, шығармашылық сайыстар, экскурсиялар мен түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар енгізілген.
«Балдәурен» лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Жазғы демалыстың алғашқы күні балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, лагерь маусымының қызықты әрі мазмұнды өтетініне сенім ұялатты.
Барша лагерь қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс және жарқын әсерлер тілейміз!



