oC

 Махамбет ауданы білім бөлімінің 2026 жылдың 28 мамырдағы №118 бұйрығына сәйкес және 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Д. Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Балдәурен» жазғы мектеп жанындағы тамақтанатын лагері өз жұмысын бастайды.

Лагерь бағдарламасы оқушылардың жазғы демалысын қызықты, мазмұнды әрі пайдалы өткізуге бағытталған. Балаларды танымдық ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары, зияткерлік сайыстар мен көңілді мерекелік іс-шаралар күтеді.
Лагерьдің ашылуы:
1 маусым 2026 жыл
Лагерь кезеңдері:
1-9 маусым (140 бала), 11-19 маусым (140 бала)
Жазғы демалысты бірге қызықты әрі есте қаларлықтай өткізейік!
Д. Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі