Іс-шараның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Спорт күні барысында лагерь тәрбиеленушілері түрлі спорттық жарыстар мен көңілді эстафеталарға белсене қатысты. Балалар жылдамдық, ептілік, төзімділік пен тапқырлықтарын сынға салып, командалық ойындарда өзара ынтымақтастық пен достықтың үлгісін көрсетті.
Әр топ жарысқа ерекше дайындықпен қатысып, жеңіске деген жігерлері мен белсенділіктерін танытты. Спорттық сайыстар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дене шынықтырудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан топтар мен қатысушылар марапатталып, балалар жарқын әсерлерге бөленді.
Барша қатысушыларға мықты денсаулық, сергек көңіл-күй және жаңа жетістіктер тілейміз!






