oC
2026 жылғы 25 мамыр күні Д. Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 1–10 сынып оқушылары арасында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және ел болашағына үлес қосуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар білімнің құндылығы, адал еңбек, азаматтық жауапкершілік және туған елдің өркендеуіне қосар үлесі туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар түрлі танымдық тапсырмалар орындалып, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Сынып жетекшілері оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салып, уақытты тиімді әрі пайдалы өткізудің жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Білімім – Отаныма!» бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастырып, білімге деген ынтасын арттыруға бағытталған тағылымды іс-шара болды