Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Бастауыш, негізгі орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» және Атырау облысы әкімдігінің «Атырау облысында бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы» 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №186 қаулысы және 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №339 және Атырау облысы білім беру басқармасының 2026 жылғы 12 мамырдағы №79 бұйрықтарына сәйкес Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиыны жоғары деңгейде өткізілді.
Жиын барысында оқушылар алғашқы әскери дайындық, саптық жүріс, қауіпсіздік ережелері және практикалық жаттығулар бойынша өз білімдері мен шеберліктерін шыңдады. Сонымен қатар спорттық сайыстар мен патриоттық шаралар өткізіліп, жас сарбаздардың жауапкершілігі мен тәртібі ерекше байқалды.


