oC
Мектебімізде “NIS SHARE" жобасы аясында мектеп командасы ұстаздарға арналған «Мұғалім синергиясы: идеядан нәтижеге» тақырыбында кезекті іс-шара өткізді.
Шара «Комплименттер жаңбыры» атты тренингпен басталып, қатысушылар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылды. Одан әрі мұғалімдерге тиімді әрі мазмұнды презентация құрудың негізгі қағидалары таныстырылып, нақты нұсқамалар ұсынылды.
Практикалық бөлімде ұстаздар топтық жұмыстар арқылы өз идеяларын ұсынып, презентация әзірлеу дағдыларын жетілдірді. Өзара тәжірибе алмасу барысында қатысушылар жаңа тәсілдерді меңгеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.
Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, бірлескен жұмыс мәдениетін қалыптастыруға және білім беру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға бағытталды.