NIS SHARE жобасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері желісімен бірлесе отырып, мектеп ұстаздарына арналған «Ғылыми идеялардан нәтижеге дейін: қадам қадаммен» тақырыбында кезекті семинар ұйымдастырылды.
Семинар жұмысы «Зияткер» оқушылар қоғамы жетекшісі, ұстаз Қосанов Рақымжан Пірлібайұлының жетекшілігімен өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми жобаларды жоспарлау, идеяны жүйелеу, зерттеу жүргізу кезеңдері мен нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолдары жөнінде құнды мәліметтер алды.
Семинар педагогтердің зерттеушілік дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және ғылыми бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге бағытталды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, практикалық ұсыныстар ұсынылды.
Аталған шара ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деген сенімдеміз.


