oC
Мектеп кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған Сапарғали Бегалиннің “Құс қуған бала” әңгімесін таныстыру өткізілді.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларын қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің шығармашылығымен таныстыру, “Құс қуған бала” әңгімесі арқылы оқушылардың оқу дағдыларын дамыту, табиғатты сүюге, еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алды.
Әңгіме мазмұны түсіндіріліп, кейіпкерлеріне талдау жасалды. Оқушылар шығарма үзінділерін оқып, өз ойларымен бөлісті.