oC
Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 15 сәуір 2026 жылы «Саламатты мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мектептерде никотин мен темекіге жол жоқ!» тақырыбында спорттық іс - шара ұйымдастырылды. Іс – шараның негізгі мақсаты – мектептерде темекіге қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу және темекіге қарсы жұмыстарды күшейте отырып салауатты өмір салтын насихаттау. Осы орайда дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Темекі тарту – өзіңе жасалған қиянат» тақырыбында спорттық шараны жүзеге асырды. Шара барысында білім алушылар жаттығу жұмыстарын жасап, денелерін шынықтырды. Оқушылар никотиннің адам ағзасына әсері туралы қысқаша мәліметпен танысып, темекінің зияны туралы бейнеролик көрсетілді.Темекі тартудың қаншалықты зиян екендігі, адам денсаулығына зардабы туралы түсінік жұмысы жүргізілді.