oC
“Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы” атты онкүндікдік іс-шара жоспары негізінде мектеп кітапханасында “Сөз өнеріндегі өлкетану” атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты – оқушыларға Атырау өңірінен шыққан жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын таныстыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әдебиетке қызығушылықтарын ояту және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау.
Шараға 6-сынып оқушылары қатысты. Кітапхана ішінде арнайы көрме ұйымдастырылып, жергілікті қаламгерлердің кітаптары мен өмірбаяндары ұсынылды.
Оқушылар ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, өлеңдер оқыды, қызықты мәліметтермен бөлісті.