oC
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 7-11сынып оқушылары арасында (243 оқушы) «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында бірыңғай диктант өткізілді.
Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын ұғындыру, сондай-ақ сауатты жазуға баулу болды.
Диктант барысында оқушылар өз ойларын жинақтап, тәртіптің адам өміріндегі орны мен заңға бағынудың маңызын түсіне білді. Осындай тағылымы мол жұмыстар арқылы жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік және тәртіптілік қасиеттері қалыптасады.
Тәртіп – табыстың кілті.
Жақсы әдет – жарқын болашақтың бастауы.