19 наурыз күні белгіленген аймаққа ағаш отырғызылды. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" дегендей, шараның мақсаты балаларды еңбекке баулу, отырғызылған ағаштарды үнемі қадағалауға дағдыландыру, табиғатымызды аялауға, ауыл-елді мекенді таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы мектеп ауласын таза әрі жасыл аймаққа айналдыруға шақыру. Әрбір мектеп оқушысы өз ауласын таза ұстаса, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, мектебіміз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз.
Сонымен қатар мектеп оқушылары робототехника саласындағы жобаларын, құрастырған роботтарын таныстырды.





