oC
Ұлттық киім ұлттық рухты көтереді.
Биыл Ұлыстың ұлы күні әз Наурызды тойлау аясында 18 наурыз «Ұлттық киім» күні болып белгіленген. Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің маңызды және ажырамас атрибуты іспеттес. Қазақ халқының ұлттық болмысы өзіне тән оқшау қалыппен сақталып, өзге ұлттардан дараланып тұратындығымен ерекше.
Бүгінде «ұлттық киімді тек қана Наурызда киеді» деген қасаң түсінік жоғалды десек те болады. Қазіргі кезде ұлттық киімдер күнделікті тұрмыста да көп киілетінін байқап жүрміз. Көшелерде, жұмыста, білім беру ұйымдарында ұлттық стильдегі киім киіп жүргендер көбейді. Мұны өте жақсы үрдіс деуге болады.
Бүгін мектеп ұстаздары "Ұлттық киім шеріне" шығып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.