Мақсаты: облыс деңгейінде оқуға ұсынылған Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романын талдау. Ел анасы болған Ұлпанның аналық жүрегін, қайраткерлігін, имандылығын дәріптеу.
Алдымен роман бойынша жасақталған буктрейлерді тамашалай отырып, жас аналарымыз романдағы Ұлпаның образын керемет аша білді. Жазушының Ұлпан бойындағы үш ұлы сезімді қалың оқырманға қалай жеткізе білгендігін де назардан тыс қалдырмады. Романдағы басқада кейіпкерлердің қиын-қыстау заманында өзіндік орындарының болғандығына көз жеткізгендіктерін пікірмен әңгімелеп берді.
Мерекеге орай жас арналармен ұйымдастырылған сұқбат бөлімінде аналары айтқан өсиеттерімен, алған тәрбиелерімен ой бөлісіп, өздерінің де қазір ана болып ұрпақ тәрбиелеп жатқандықтарын аналық махаббаттарымен шынайы жеткізе білді. Шара соңында жас ұстаз аналарымыз ана туралы поэзия оқып, әндер шырқап, жылы лебіздерін білдірді.




