Кеш барысында оқушылар түрлі танымал жұлдыздардың образын сомдап, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Қатысушылардың креативтілігі мен сахна мәдениеті көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Кеш соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталып, барша оқушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.




