oC
 Мать - қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі - есірткі саудасы мен "закладчик" құбылысы туралы түсірілген әлеуметтік драма. Фильмнің басты ерекшелігі - оқиғаны Ана көзімен көрсетуі. Драманы 9 - 11 сынып оқушылары қарап отырып, бұл туындыда есірткі таратудың көлеңкелі әлемі ғана емес, сол жолға түскен баланың артында қалған Ананың жан күйзелісі, шарасыздығы мен үміті шынайы бейнеленеді. Драманы тамашалай отырып, оқушылар "жеңіл ақша" ұғымының артында қандай қауіп жатқанын ұғынып, сабақ алды.