oC
 
Нашақорлық дегеніміз – есірткі заттарға паталогиялық дағдыланудың нәтижесінде болатын созылмалы ауру.
Есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәрімізге белгілі. Есірткі затын қолданып, қалай нашақор болып кеткенін білмей қалатындар көп. Ал, осы есірткінің қармағына ілініп, одан құтыла алмай жүрген адамдар қаншама?!
 
 
Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп, өз өмірін, болашағын құртып қана қоймай, жақындарының, маңайында жүрген адамдардың да өміріне қауіп төндіреді.
Осы орайда, Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде мектеп президенті мен Ұлдар ұйымының жетекшілігімен 8–11 сынып оқушылары арасында нашақорлықтың алдын – алу мақсатында «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында волейболдан мектепішілік жарыс өтті.
 
Жарыс барысында 8 сыныптар да өздерін тамаша дәлелдей алды, волейболға деген ерекше сүйіспеншіліктері байқалды.
 
8 командадан құралған ойыншылар көрермен қауымға тартысты да қызықты ойын үлгісін көрсетті.
 
Қорыта келгенде, нашақорлық бұл – бүкіл қоғам қасіреті және сол қасіреттен барлық білім алушыларымызды аулақ болуға шақырамыз.