oC

2025 жылдың 24 қараша күні Д.Төленов атындағы жобб мектебінде аудандық жас ұстаздар форумы өтті. Форумға ауданның 15 білім беру ұйымынан барлығы 58 жас маман қатысып, тәжірибе алмасты.

 
Форум мақсаты: тірек және магнит мектептер арасындағы әдістемелік ынтымақтастықты нығайту, ауданымыздың пән мұғалімдерінің креативті қызметтерін жетілдіру, жас ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттыру, озық тәжірибелерімен бөлісу.
 
Форумның ашылу салтанатынан кейін
«Ойла. Жаса. Қолдан.» атты педагогикалық тәжірибе кеңістігінде мектептің жас мұғалімдері қатысушылармен
 
🔰"Жасанды интеллект: мотивация, рефлексия және үздіксіз даму құралдары"
 
🔰"Canva AI мүмкіндіктері: мұғалімдер мен оқушыларға арналған"
 
🔰"SAMR моделі мен БЛУМ таксономиясының байланысы және оны сабақта тиімді пайдалану"
 
🔰«Креативті ойлаудан жазбаша экспрессияға дейін»
 
🔰"Инклюзивті білім берудегі ерекше оқуды қажет ететін оқушылармен пәндерді жүргізу ерекшеліктері"
 
🔰 IDEA-марафон - «Педагогикалық квест» тақырыптарында практикалық жұмыс жасады.
Форум соңында барлық қатысушылар аудандық білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.