2025 жылғы 15 қазан күні "Өнерпаз" аудандық мәдениет үйінде халыққа білім беру саласының үздігі, көрнекті ұстаз, өз ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған Дүйсенғали Төленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған "Ғибратты ғұмыр" атты салтанатты кеш өтті.
Шараның құрметті қонағы, Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов өз сөзінде Дүйсенғали Төленовтің халқына адал қызмет еткен өмірі мен ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін ерекше ілтипатпен атап өтті.
Ұстаз еңбегін дәріптеген әдеби композициялар, әсерлі әндер мен көркем қойылымдар көрермен көңілінен шықты.
Сонымен қатар, мерейтой аясында ұйымдастырылған - «Өнерімді өзіңе арнаймын» байқауының үздіктері,
- аудандық спорттық-интеллектуалдық эстафета жүлдегерлері,
- облыстық тірек мектептері педагогтерінің шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен үздік ұстаздар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Ұлағатты ұстазға деген ілтипат - келешек ұрпаққа көрсетілген құрмет.
Дүйсенғали Төленовтің өмірі мен еңбегі - мәңгілік жадымызда!
https://dtulenov-mektebi.edu.kz/kz/zha-aly-tar/480-ibratty-myr-stazdy-nege-2.html#sigFreeId249b99c322













