Дүйсенғали Төленов 1925 жылы 15 қазанда Гурьев облысы Бақсай ауданы Есбол ауыл советінің 15 ауылында туған. Жеті класстық білім алып, 1942 жылы Гурьев педагогикалық училищесін бітіріп, Еңбекшіл 7 жылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған.
1943 жылы 23 мамырда майданға алынып, Куйбышев қаласында дайындық курсынан өткеннен кейін, 1944 жылы құрылған Белоруссия майданындағы шайқастарда Ржев, Могилев, Минск қалаларын азат етуге қатысқан.
Соғыстан кейін ұстаздық жұмысын жалғастыра отырып, 1946 - 1950 жылдары Оралдың Пушкин атындағы институтының тарих факультетін сырттай оқып, айрықша дипломмен аяқтады.
1947 - 1948 жж Еңбекшіл жетіжылдық мектебінде мұғалім, 1948 - 1950 жж «Қызыл жұлдыз» жетіжылдық орта мектептерінде директорлық қызметтер атқарып, онан кейінгі жылдары аудандық білім бөлімінің инспекторы, «Ленин жолы» газетінің жауапты хатшысы болды.
1961 - 1971 жылдары Махамбет селосындағы мектеп - интернат директоры болды. Бұл мектептің іргетасы, негізінде, 1938 жылы қаланған. 1960 жылдан 1992 жылға дейін әуелі Жаманқала, кейін Махамбет орта мектеп - интернаты болып жұмыс жасады. Атырау қаласынан және Индер, Исатай, Махамбет аудандарының алыс қыстақтардағы малшы балалары қабылданып, оқу - тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған білім мекемелерінің бірі болды.
1971 - 1986 жылдары аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, 1986 жылдан өмірінің соңғы жылына дейін әдіскер болып осы салада істеген.
Қазақ ССР және КСРО Халық ағарту ісінің үздігі белгілерімен (1964 ж, 1985 ж), бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталды. 1959 жылдан бері КСРО Журналистер Одағының мүшесі, КСРО Журналисттер Одағының мүшесі, 300 - ге тарта мақала, очерктер мен мақалалар жазған. «Қазақ ССР інің еңбегі сіңген мұғалімі» (1978 ж) құрметті атағына ие бола отырып, парасатты ұстаз республика мұғалімдерінің бірнеше (1953 ж, 1967 ж, 1978 жылдары өткен) съезіне қатысып, 1978 жылы мұғалімдердің одақтық съезіне делегат болып сайланды.
Дүйсенғали Төленов басқарған жылдары аудандық білім саласына типтік жобамен 7 мектеп, 7 балалар комбинаты салынды. Сондай - ақ аудандық білім беру саласы 4 рет облыстық, 3 рет республикалық, ал 1976 жылы бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы болды.
Аудандық советтің депутаты, 35 жыл штаттан тыс лектор болды. Соғыс және еңбек ардагері ретінде 15 - ке тарта орден, медальдың иегері.
Зайыбы Заруза Асылқызы екеуі 7 бала тәрбиелеп өсірген.
Дүйсенғали Төленов басшылық еткен (1961 - 1971) мектеп - интернат Қазак ССР Министрлер Кеңесінің 24 шілде 1990 жыл №295 «Ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру, Қазак ССР Ғылыми Академиясының материалдық - техникалық базасын нығайту және республикада ғылыми кадрлар резервін даярлау жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, Қазақ ССР - інің тіл туралы заңына сәйкес жасөспірімдердің бойындағы эстетикалық, өнерпаздық дарындарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі Қуаныш Сирановтың 1992 жылғы 27 сәуірдегі «Аудан орталығында дарынды балалар кластары бар қазақ орта мектебін ашу туралы» шешіміне сәйкес аудандағы жаңа тұрпатты мектеп болып ашылып, 1992 жылы 1 қыркүйекте елімізде инновациялық оқу орындарының ашылуының шеңберінде оқушыларды саралап оқыту мақсатында өз жұмысын бастады.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысымен Дүйсенғали Төленовтің есімі өзі еңбек еткен бұрынғы мектеп - интернат, сол кездегі мектеп - гимназияға берілді.
2023 жылы 1 - ші қыркүйектен бастап мектеп - гимназия жаңа заман талабына сай, жаңа ғимаратқа қоныс тепті. 2024 жылы 23 қаңтарынан бастап мектеп - гимназия жалпы орта білім беретін мектеп болып өзгертілді.
Дүйсенғали Төленов есімін иеленген мектеп 2025 - 2026 оқу жылында аталған тұлғаның 100 жылдығын тойлауда.














