2025 жылдың 8 қазан күні Д.Төленовтың 100 жылдығына орай жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, өткеннің өнегесін болашаққа жеткізу мақсатында аудандық "Үздік тарихшы - 2025" байқауы өткізілді. Байқау 2 кезеңнен тұрды. Сайысқа қатысқан аудан мектептерінің тарих пәні мұғалімдері 1 - турда күнтізбелік тақырыптарға сай ашық сабақтар берді. Ашық сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер мен түрлі платформалар арқылы дайындалған тапсырмалар оқушылардың пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттырды. 

2 - турда мұғалімдер TED - X форматы арқылы өздерін таныстырды. 

Әділқазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша 1 - орын және «Үздік тарихшы - 2025» номинациясын О.Шонаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Мурсалимова Айдана жеңіп алды. Ал А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Ұзақбай Гүлжан мен Жалғансай орта мектебінің мұғалімі Ақбейісова Гулбанат 2 - орынды, Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Утепкалиев Ринат, Қ.Қалыбеков атындағы орта мектеп мұғалімі Айымбек Сәрсенгүл, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп мұғалімі Жумалиева Римма жүлделі 3 орынды иеленді. Жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Алғыс хат» иегерлері - Есбол орта мектебінен Турганбаева Гулмира, Қосарал орта мектебінен Ислямгалиева Айкен, Қызылүй орта мектебінен Нұржанов Амантай.

#ААА

#біртұтас_тәрбие_атырау_2025