Бүгін аудандық "Өнерпаз" мәдениет үйінде Ұстаздар күні мерекесіне орай өткен "Қалдырған ізің мәңгілік..." атты мерекелік шарада мектебіміздің бір топ ұстаздары марапатталып, сахна төрінен көрінді. Олар:

Атырау облыстық білім басқармасының "Құрмет грамотасымен"

Макашева Гулнар Жанымтаевна - мектебіміздегі тәжірибелі ұстаз, бастауыш сынып мұғалімі;

Құбиева Зайтуна Самыратқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

Аудан әкімінің "Алғыс хатымен"

Молдашева Құндыз Әмірбайқызы - бастауыш сынып мұғалімі.

Тулешова Майра Махамбетовна - әлеуметтік педагог.

Махамбет аудандық білім бөлімінің "Алғыс хатымен"

Қабенов Қуандық Құмарұлы - дене шынықтыру пәні мұғалімі марапатталды.

Бүгінгі барша марапат иелерін, мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, ұрпақ тәрбиелеудегі игі істеріңізге толағай табыс тілейміз!!!

#ААА

#біртұтас_тәрбие_атырау_2025