23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Атырау облысы мектептерінің арасында «Егер мен әкім болсам...» эссе байқауы өткен болатын. Оған жалпы білім беру ұйымдарының 9 - 11 сынып оқушылары қатысты. Облыстық кезеңге ауданнан іріктеліп 90 оқушының жұмысы келіп түсті. 2 қазан күні Атырау облыстық Абай орталығында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы - Нұрлан Еркебаев, Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы - Марат Абуов және «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Қайырғали Азилов қатысты. Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Махамбет ауданы, Д.Төленов атындағы орта мектебінің 11 а сынып оқушысы Даукенбаева Гулден Бериковна осы оқушылардың ішінен оза шауып, әділқазылар шешімімен үздік эссе қатарынан көрініп, жүлдегер атанды. Жетекшісі - қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі - Карабалина Жанаргуль Куанышевна.
#ААА
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
https://dtulenov-mektebi.edu.kz/kz/zha-aly-tar/475-tty-tajmyz-2.html#sigFreeIdd7be2c0cc8













