Атырау облысы, Махамбет ауданы, Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі бойынша Атырау облысы Білім беру басқармасы ҚР Оқу - ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №3 - 05 - 4/5704 - И хатына сәйкес, білім беру ұйымдарына денсаулықты сақтауға бағытталған тәсілді іске асыру және білім алушылар арасындағы қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігінің алдын алу мақсатында мектебімізде тұрақты түрде дене шынықтыру жаттығулары енгізілді. Аптасына бір рет, сейсенбі күні, бірінші сабақ басталар алдында ұзақтығы 3 минут дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ықпалымен және пән мұғалімдерінің қолдауымен қимыл - қозғалыс жаттығулары өткізіледі. Оқушыларды бұл дене шынықтыру жаттығуларына бірыңғай қатысуға шақырамыз!
#адал_азамат_атырау_2025
#дене_жаттығулары
#жаттығулар
#сергіту_жаттығулары
https://dtulenov-mektebi.edu.kz/kz/zha-aly-tar/474-dene-shyny-tyru-zhatty-ulary.html#sigFreeId2ec7f64759













