Д.Төленов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде тамыздың 20,21,22 – і күні 1 – 11 сыныптың жетекшілермен KiVa буллингке қарсы күрес бағдарламасын түсіндіру мақсатында семинар – тренинг ұйымдастырылды. Семинар барысында KiVa бағдарламасының мақсат, міндеттері түсіндіріліп, толықтай таныстырылды. Сынып жетекшілерге жобаның 3 модульден тұратындығы (1 модуль 1 – 4 сынып, 2 модуль 5 – 6 сынып, 3 модуль 7 – 11 сыныптар үшін) қаперге берілді. Сонымен қатар KiVa бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын KiVa сабақтары сынып сағатымен кіріктіріліп өтетіндігі, білім алушылардың сабаққа дәптер бастайтындығы қаперге берілді. Сонымен қатар әмбебап әрекеттер мен арнайы әрекеттердің аражігі айқындалып, сынып жетекшілерге таныстырылды. Буллинг орын алған жағдайда жәбірлеуші мен жәбірленушімен жасалатын форма үлгісі де айқындалып, түсіндірілді. Мектепте 10 – 12 адамнан KiVa тобы жұмыс жасайтындығы да сынып жетекшілердің қаперіне берілді.