Махамбет ауданы әкімінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі №38 шешіміне сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсына қатынасқан білім беру ұйымдары арасынан комиссия қорытындысымен Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі «Үздік мектеп» деп танылып, жұмысы облыстық кезеңге ұсынылды. Ағымдағы жылдың 26 тамызында «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен тамыз конференциясында мектеп басшысы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Бұл жетістік барша ұстаздар қауымының қажырлы еңбегі деп білеміз.

Құрметті ұстаздар!

Болашақтың иесі – жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі еңбектеріңізге алғыс айта отырып, жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, қажымас қайрат, сәттілік тілейміз!