Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай елімізде ұйымдастырылған “Абай өлеңдерін оқу марафоны” челленджіне Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары белсене қатысып, хакім Абайдың өнегелі өлеңдерін жатқа оқыды. Челлендж аясында білім алушылар хакім Абайдың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, оның терең мағыналы шығармаларын кеңінен насихаттады. Бұл бастама оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, Абай мұрасын құрметтеуге және оны жас ұрпақтың санасына сіңіруге үлкен үлес қосты. Абай өлеңдері — өшпес мұра, ұрпаққа мәңгі азық. Оның мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жететін қазына. #Abai180 #AbaiChallenge #Абай180Жыл #АбайӘндері #АбайМұрасы #біртұтас_тәрбие