Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Балдәурен" мектеп жанындағы лагерь қатысушыларымен мектеп педагог-психологтары А.Салихова мен А.Наурызова балалардың өзіне жағымды көңіл күй сыйлау, ішкі сенімділіктерін ояту, танымдық процестерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ынтымақты достық орта қалыптастыру мақсатында, лагерден алған әсерлерімен бөлісу үшін "Айна" техникасы," "Пазлдар құрастыру", МАК картасы, "Достық алақаны" изотерапиясы, "Асфальтқа сурет салу" топтық жұмыстары жүргізілді. Оқушылар белсеніділікпен қатысып, өз әсерлерімен бөлісті. #жаз_2025 #біртұтас_тәрбие_атырау