Мектебімізде 2025 жылдың 30 мамыр күні 5-8, 10 сынып оқушыларын - 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу озаттарын марапаттау рәсімі “Үздіктер шеруі-2025” болып өтті. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап, өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, бүгінгі күні үздіктер шеруін құрып отыр. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары - СІЗДЕРСІЗДЕР! Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңізе тілектеспіз! Құрметті үздіктер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер.














