«Әлем-сенімен әдемі»атты психологиялық бірлестігі апталығы аясында 8-сынып білім алушыларымен ішкі жан дүние әлеміне саяхат «Ниткография» топтық арт-терапиясы өткізілді. Мақсаты: балалар жан дүнесіне үңілу, шығармашылық қабілетін дамыта отырып сұхбаттасу.Ішкі сенімсіздік, қорқынышын жеңуге, эмоцияны басқара білуге көмектесу.Бала қиялын дамыту. «Өзіңді күт:Әлем - сенімен әдемі» мектеп педагогтарымен семинар тренинг өткізіліді. Мақсаты: педагогтар арасында жағымды орта қалыптастыра отырып, эмоцияналды құлдыраудың алдын алу, стресске төзімділік және эмоциялық икемділікті қалыптастырып, стресстік жағдайлардан шығу жолдарын түсіндіру; Ортада эмпатиялық қарым-қатынасты дамыту;Педагогтармен қызықты тренинг жаттығулар жүргізіліп, жадынамалар, аффирмациялар таратылды. Педагогтар өздерінің әсерлерімен бөлісіп, жағымды көңіл-күйге бөленді.
https://dtulenov-mektebi.edu.kz/kz/zha-aly-tar/455-nitkografiya.html#sigFreeIdce276c526d













