Үкімет қаулысымен 2024 жылы елімізде жаңа мереке 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді.

 

🏫Д.Төленов атындағы орта мектебінде Ұлттық кітап күніне орай мектеп  оқушыларының қатысуымен "Руханияттың кілті - кітапта!" атты мерекелік шара өтті.

 

📚 Мерекелік шара барысында оқушылар кітаптың пайда болу кезеңдерімен, ежелгі қол жазбалардан бастап, қазіргі замаңғы цифрлық кітаптарға дейінгі жолымен танысып, мәліметтер алып, кітаптың қадір - қасиетін тереңірек түсініп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

 

📚 "Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы" дегендей кітапсыз білім шыңына жету мүмкін еместігін дәлелдеген күн болды.

 

#ҰлттықКітапКүні

#біртұтас_тәрбие_атырау