Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» мақсатында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұжымда «Адал ұрпақ» клубы және Парасаттылық мектебі, адалдық дүкені жұмыс жасайды.

  

Жұмыс жоспарына сәйкес адалдық сағаттары ай сайын өткізіліп отырады. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және онымен күресу мақсатында мұғалімдер геолокация жүйесіне қосыла отырып онлайн тіркеліп, сауалнама сұрақтарына жауап берді.

   

 Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржылық жоспары, мектеп-гимназия қызметкерлерінің штаттық кестесі, трафиктік жоспары «Ашық бюджет» талаптары бойынша уақылы сайтқа жарияланып тұрады.

Мектепке қабылдау «SAKURA» бағдарламасы бойынша ашық түрде жүргізіледі.