Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша 2019 жылдың 18 қазан күні 8-11 сынып аралығында "Қыз қылығымен шырайлы" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында "Сымбат" қыздар ұйымының жетекшісі А.Қожантаева білім сапасы, мектеп формасының сақталуы және сабаққа қатысқа қысқаша тоқталып өтті. Жиналысқа арнайы шақырылған мамандар Маxамбет аудандық ауруxананың акушер-гинекологі Кенжеғалиева Шынар Қалиасқарқызы,Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі Құбиева Гүлбаршын Махатқызы және мектеп инспекторыЕлешова Ақбөбек жасөспірім қыз балаларға қатысты құнды мағлұматтар бере отырып, түрлі жағдайлардағы қауіп-қатердің алдын-алу мақсатында кеңестерін берді.Жиналыс барысында мектебіміздің психологі Асел Амиржанқызы осы тақырыпта тренинг,ойындар өткізді. Тренинг кезінде қыздар ерекше көңілді әсер алды.

.