26 сәуір күні Облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білімді цифрландыру- жетістік кепілі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

 

Семинар-практикумның мақсаты: Білім беру  үрдісін ақпараттандыру — жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату, яғни білім беру ұйымдарында цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ықпал жасау.

 

Осы  семинар-практикумда Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәні  мұғалімі Турсынбаев Жылбек Газизович «Үш өлшемді модельдер» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өз тәжірибесімен алмасты.

.