Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 3 қаңтардағы №10-04-06-03/1 санды хатына сәйкес 28 қаңтар – 2 ақпан аралығында «Отбасында ата-ананың бала тәрбиесіне ықпалының ерекшеліктері» атты ата-аналар апталығының іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді. 

 

Жоспар бойынша бекітілгендей 28 қаңтар – 2 ақпан аралығында «Ашық есік» күндері белгіленіп, ата-аналар белсенділік танытып, балаларының сабақтарына қатысты.

 

28 қаңтар күні мектеп психологі Г.Тасмағамбетова және сынып жетекшілері «Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?» тақырыбында 1-2 сынып ата-аналарына дәріс сабағын өткізді. Мектеп психологі Г.Тасмағамбетова ата-аналарға бірнеше ақыл-кеңестерімен таныстырып, тренинг ұйымдастырды.

 

29 қаңтар күні 4 сынып жетекшісі Г.Шәукенова ата-аналар арасында «Біздің балаларымыздың айтатын әндері» тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырды. Шарада жұмбақтар жасырылды, балаларының жақсы көретін әндерін ортаға салды. Шара қызықты өтті.

 

30 қаңтар күні «Бар бақытым – отбасы» тақырыбында фото-көрме жасақталды. Оқушылар белсене қатысты.

 

31 қаңтар күні «Ата-әжем өсиеті өмірлік азығым» тақырыбында әжелермен кездесу өткізілді. Кездесуге әжлеріміз қатысып, ақыл-өсиеттерін айтып отырды. Оқушылар өнерлерін көрсетіп, қызықты сұрақтарына жауаптарын алды.

 

1 ақпан күні 10-11 сынып жетекшілері К.Ерғалиева және Ұ.Сапиева «Ата-аналардың бала тәрбиесіне сенімдік білдіруі, қолдау көрсетуі» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Топтық тапсырмалар беріліп, ата-аналар белсене қатысты.

 

Сонымен қатар, 28 қаңтар – 1 ақпан аралығында 1-11 сыныптар аралығында «Біздің отбасымыздағы «болады», «болмайды» ұғымдары жайында», «Баланың оқу іс-әрекетіне көмек», «Менің баламның болашағы? Мен оны қалай көремін?» тақырыптарында сынып сағаттары  ұйымдастырылды. Оқушылар бұл астарлы сөздердің қаншалықты салмақтылығына зер сала, өз пікірлерін қазіргі қоғаммен байланыстыра айқын аңғарта білді.

      

Мектеп ішінде өткізіліп отырған шаралардың негізінде уақытылы баспасөз бетіне жариялау тапсырылды. 

       

                  

Мектеп-гимназия директоры:                       Т.Идркенова

 

 

Дайындаған: Л.Қуанышбаева