2018 жылы   9 ақпан күні дінтану пәнінің   мұғалімдері Гарифуллина О., Өмірбекова З., 8 «а,б», 9 «а,б» сыныптарын  алып,  аудандық   мұражайда  өткен  «Дін тәрбиенің рухани діңгегі деген  тақырыпта  өткен  аудандық   «Исатай-Махамбет»  мешітінің  бас имамы  Иманғалиев Ержан  Насихатұлымен,  Шугарина  Сауле Мағауқызымен  болған кездесуге   қатыстық.  Бізбен бірге АӘД пәні мұғалімі  С.Темірғалиев және кітапханашы Ш.Өңешбаева қатысты.  Кездесуде Ислам діні, Мұхаммед пайғамбар  хадистері туралы,  Ислам  шарттары, мұсылмандық  мерекелер   ораза айт,  құрбан айт туралы   түсіндірді.  Ислам діні-  тазалыққа,  тәртіпке , имандылыққа  бағыттайтын  дін. Адам баласын асып-таспауға, ғылым мен білімге,  ынтымақ бірлікке шақыратын  дін екендігі  айтылды. Абай, Ыбырай, Шәкәрімнің  мұсылмандық туралы жазған өлеңдеріне талдау  жасалды. Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»  атты  мақаласы   жөнінде ой  қозғады. Теріс ағымдардан сақтану, кез келген адаммен  дін туралы әңгіме  құрмауға шақырды.  Қызықтырған мәселе  жөнінде  ата-анаңмен мешітке келу керектігін   ескертті.  Қазіргі   мақсат-міндеттерін, сабақты жақсы  оқу,  ата-ана, ұстаздарды  сыйлау екендігін  баса  айтты.

 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік сабағының мұғалімі: З.Өмірбекова