2019 жылы   24 қаңтар күні «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив сабағының мұғалімі З.Өмірбекова және құқықтық жетекші О.Гарифуллина 9-10 сынып оқушыларымен  аудандық   мұражайда   «Дінсіз тәрбие тамырсыз көшет» тақырыбында  аудандық   «Исатай-Махамбет»  мешітінің  бас имамы  Иманғалиев Ержан  Насихатұлымен кездесу ұйымдастырды..  Кездесуде Ислам діні, Мұхаммед пайғамбар  хадистері туралы,  Ислам  шарттары, мұсылмандық  мерекелер   ораза айт,  құрбан айт туралы   түсіндірді.  Ислам діні-  тазалыққа,  тәртіпке , имандылыққа  бағыттайтын  дін. Адам баласын асып-таспауға, ғылым мен білімге,  ынтымақ бірлікке шақыратын  дін екендігі  айтылды. Абай, Ыбырай, Шәкәрімнің  мұсылмандық туралы жазған өлеңдеріне талдау  жасалды. Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»  атты  мақаласы   жөнінде ой  қозғады. Теріс ағымдардан сақтану, кез келген адаммен  дін туралы әңгіме  құрмауға шақырды.  Қызықтырған мәселе  жөнінде  ата-анаңмен мешітке келу керектігін   ескертті.  Қазіргі   мақсат-міндеттерін, сабақты жақсы  оқу,  ата-ана, ұстаздарды  сыйлау екендігін  баса  айтты. Шара барысында оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылып, өз ойларымен бөлісіп отырды. Сондай-ақ оқушылар имамнан көкейкесті сұрақтарына жауаптарын алды. Шараны 10 сынып оқушысы Нәсім Бибі-Фатима М.Мақатаевтың «Қаймағы бұзылмаған қайран дінім» атты өлеңімен қорытындылады.