2017 жылы 16 қараша күні мектеп директорының орынбасары Л.Қуанышбаева және 9 сынып оқкшылары «Нұр Отан» партиясы махамбет ауданы ғимаратында  «Иман – асыл қасиет» атты ақпараттық түсіндіру тобының кездесуіне қатысты. Кездесуге арнайы Атырау облысы «Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің теолог маманы Қабижан Аслан Арғынұлы қатысып, дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың ерекшеліктері жөнінде оқушыларға мағлұмат берді. «Исатай-Махамбет» аудандық орталық мешітінің иманы Иманғали Ержан Насихатұлы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы департаментінің Махамбет ауданындағы өкілі Лұқпан Тілекқабыл Нұрданұлы, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің психолгы Катешова Мөлдір Талғатқызы, аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысы Құрманберлиева Айгерім Иванқызы иман, рухани жаңғыру, тәрбие, дәстүрлі емес дін ағымдары, т.б. жөнінде өз ой-пікірлерін білдіріп, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Шара соңында қатысушыларға «Ақпараттық талдау орталығы» дайындаған кітапшалар мен бейнероликтер ұсынды. Сонымен қатар оқушылар сауалнамаларға жауап берді.

 

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

Л.Қуанышбаева