23 қаңтар күні  Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары мектеп тәлімгері А.Сираш және АӘД пәнінің мұғалімі С,Темірғалиевпен бірге Өрт сөндіру бөліміне барып,  жұмыстарымен танысты. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Е.Аханов өрт сөндіру қызметінің тарихы мен дәстүрі туралы, қиын жұмыстарымен және ерліктері туралы айтып таныстырды.

 

Сондай-ақ оқушыларға мектептегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін, әсіресе, қазіргі заманауи сыныптар қаныққан электр құралдарын қолдану ережелерін, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану ережесі мен жаңа басталып жатқан жануға қалай әрекет ету керектігін түсіндірді. Өрт сөндіру қызметін қалай шақыру туралы да айтып өтті.