Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 23 қаңтардағы №10-04-01-06-03/100 санды хатына сәйкес «27 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күніне» орай 24 қаңтар күні  «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Сайфуллина, Ж.Жұмаханова 5-6 сынып оқушыларына «Интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында эсселер жазып, өз ойларымен бөлісті.

 

Бастауыш сынып оқушылары «Интернетсіз күнді қалай өткіземін?», «Мен оффлайн» тақырыптарында суреттерін салып, таныстырды. Үздік деп танылған суреттер көрмеге қойылды.

 

9 сынып жетекшісі Н.Сайфуллина «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас өткізді. Бір топ интернеттің пайдасы туралы ақпараттар ұсынса, екінші топ зияны туралы ақпараттарды ұсынды. Шара соңында интернетке тәуелді болмау керек екендігін түсіндіріп қорытындылады.

 

Үзіліс уақыттарда 11 сынып оқушылары ұстаздарға, оқушыларға үнпарақтар таратып, «27 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күні» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Ш.Өңешбаева «Кітап оқы, жас өркен!» тақырыбында кітаптар көрмесімен таныстырып, бос уақыттарында кітап оқуға шақырды.

 

Жалпы ақпарат Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына орналастырылды.