Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 25 қаңтардағы №10-04-01-06-03/140 санды хаты бойынша қазіргі уақытта орын алып жатқан оқушылар арасындағы қатігездік пен қорлауға құмарлықты болдырмау және алдын алу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

 

28 қаңтар – 1 ақпан аралығында өткізілген ата-аналар апталығы аясында сынып жетекшілер ата-аналар жиналыстарында, шараларда ағымдағы жылғы қаңтар айында бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбе және Түркістан облыстарында оқушылар арасында орын алған қатігездік таныту және зорлық-зомбылық жасау оқиғалары туралы қозғап, балалармен тығыз қарым қатынаста болу керектігін атап өтті. Және де балаларының кіммен байланыста болатынын, қандай әлеуметтік желілерге тіркелетіні, қандай сайттарға кіретіні туралы тексеріп, үнемі бақылауда болу керектігі ескертілді.

 

Мектеп психологтары Г.Тасмағамбетова және Ж.Жайлашева мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қиын жағдайда тап болған кезде сенім телефоны, сенім жәшігі бар екендігін тағы ескертіп өтті.

 

Жасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың алдын-алу бағытындағы заңдылықтар бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған Махамбет аудандық  полиция бөлімі бастығы А.Закариевпен келісілген іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

31 қаңтар күні қазіргі қоғамдағы басты мәселелердің бірі ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жанты меңгерту, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жаңа ғасыр азаматы – дені сау бай адам» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Шараға аудандық аурухананың нарколог-дәрігері Б.Көшмағамбетов, мектеп инспекторы А.Елешова, мектеп медбикесі С.Түменбаева, мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілер қатысты. көптеген өзекті мәселелер қозғалып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

 

Әр сенбі және мереке күндері сайын 22.00-01.00 уақыт аралығында мектеп мұғалімдері және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда, көшелерде жасөспірімдердің жүру фактілерін анықтау мақсатында рейдтер өткізіліп тұрады. Қазіргі уақытқа дейін мектеп оқушылары тіркелген жоқ.

 

Жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа жол бермеуін қалыптастыру мақсатында шаралар өз жалғасын таба бермек.