Үлгілік дәріске мектеп инспекторы А.Елешова, учаскелік полиция аға лейтенанты М.Мұхитов және 11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер, ата-аналар қатысты.

 

Жиналысты мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Қуанышбаева ашты. «Нашақорлықтың зардабы» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, ата-аналарға, оқушыларға ой қозғау ретінде сұрақтар қойылып, өз ойларымен бөлісті.

 

Мектеп инспекторы А.Елешова «Жасөспірімдер арасындағы есірткі қолдану проблемалары» тақырыбында баяндама оқып, түсіндірді. Учаскелік полиция аға лейтенанты М.Мұхитов есірткінің зардабы туралы, қоданған немесе ұсталған жағдайда қандай шаралар қолданылатындығы жөнінде атап өтті.

 

Ата-аналар, әсіресе оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, құқық қорғау органының қызметкерлерімен ашық әңгіме жүргізілді.