«Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» деп ұрандаған, жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар «Жас ұландар» мен «Жас қырандар» құрамына мүшелікке қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

 

Мектеп-гимназия бойынша «Жас ұлан» қатарына – 20 оқушы, «Жас қыран» қатарына – 20 оқушы қабылданды. Жиынды мектеп-гимназия директоры Талшын Ғабитқызы ашып,  «Жастарымыз бүгінгідей бейбіт күнде өмір сүріп, Тәуелсіз еліміздің білімді азаматтары болып, ұрпақтарымыз қырандай күшті, ұлтжанды, әрқашанда биік шыңдардан көрінсін. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін»,-деген тілегін айтты.

 

«Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау рәсімін мектеп директоры Т.Идркенова, оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Ж.Дүйсенғалиева, тәрбие жұмысының орынбасары Л.Қуанышбаева, сынып жетекшілер және «Жас ұлан» ұйымының белсенді оқушыларына табыстады.

 

Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, қазақтың қара домбырасымен күй шертілді.