3-9 желтоқсан аралығында Дүйсенғали Төленов  атындағы мектеп-гимназиясы бойынша «Код cағаты-2018» қолданбалы программалау шарасына  3, 5-11 сынып оқушылары  қатынастырылды. Кодтау мен программалау сабақтары  өткізілді. Сабақтар түстен кейін ұйымдастырылып  оқушылардың кодтау мен программалауға деген қызығығушылықтарын, одан әрі  оятты. Код сағаты - бұл әлемнің 180-ден астам елінен бірнеше миллион студенттер мен оқушыларды қамтитын ғаламдық қозғалыс. Кез келген оқушы және мұғалім «Кодтау сағаты» мен оның қатысушысы бола алатындықтарына  көз жеткізіп, ойнау арқылы ойларын шыңдады. Логикалық операцияларды  орындау, бұйрықтарды жазу, тапсырмалардың алгоритмдерінің нақты  әрі айқын қою мүмкіндіктерін дамытты. Қатысушылар қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен танысып және оларға нақты ғылымдарға деген қызығушылықты қалыптастыра білді. Жоғарғы сынып оқушылары бағдарламалаудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйренді. Тіркелуден өтіп лабораториялық жұмыстарды жасап, сурет салу, ойын лабораториялары, жаңа жобаларды құрды.  Блоктар, циклдер, математикалық амалдарды қолдану, функциялар мен айнымалыларды қолданудың оңтайландырылған әрі қызық әдістерін меңгерді. Программа  интерфейсі қазқ, орыс, ағылшын тілдерінде тартымды дайындалған. Цифрландыру  аясында ағылшын тілінде жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға көптеген септігін тигізді. Оқушылар арнайы сертификаттарға  ие  болып ынталандырылды. Осындай  оң  бастамалар жалғасын таба берсін.