Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясы бойынша аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 9 қазандағы №10-04-06-03/2070 санды хатына сәйкес ағымдағы жылдың 22-26 қазан күндері экологиялық сауат ашу мақсатында «Экологиялық мәдениет» апталығы ұйымдастырылып, жоспар бойынша шаралар өткізілді.

 

22 қазан күні 1-6 сынып жетекшілері «Табиғат – тал бесігің, аялай біл»,  7-11 сынып жетекшілері «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» тақырыптарында саяси сабақтар өткізді. Саяси сабақта тақырыпқа байланысты ақпараттар беріліп, бейнероликтер көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

23 қазан күні мектеп тәлімгері А.Жеделбаева 3-4 сыныптар арасында «Табиғат – тіршілік көзі» тақырыбында суреттер байқауын ұйымдастырды. Оқушылар байқауға белсене қатысып, үздік деп танылған суретшілер кезекті жиында «Алғыс хатпен» марапатталды.

 

 

 

 

24 қазан күні 4 «А» сыныбының жетекшісі «Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Шараның мақсаты – оқушылардың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өз табиғатын қорғауға, сүюге тәрбиелей отырып, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Шара барысында оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар белірді. Жұмбақтар жасырылып, оқушылар белсене қатысты.

        

Апталық аясында МАД-4 сыныптар аралығында «Алтын күз» мерекелік шаралары өткізілді.