Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы 1 қарашадағы №10-04-01-02/2270 санды хатына сәйкес 7-10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында сұранысқа ие мамандық иелерімен тоқсан сайын кесдесулер ұйымдастыру жолға қойылды.

 

18 қазан күні 11 сынып жетекшілері О.Гарифуллина және Ә.Қоңыршиева «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. кездесуге 10-11 сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Және де арнайы қонақтар шақырылды. Кездесуге облыстан АО «Медицина» акционерлік қоғамының бөлім меңгерушісі, фармацевт дәрігер Құрмашева Сұлушаш,  облыстық адвокаттар алқа мүшесі Мұратов Нұрым, аудандық емхананың стоматолог дәрігер Тұрғалиев Жандарбек, мектебіміздің хореографы Қадимова Злиха және дизайнер Жеделбаева Айдана шақырылды. Бұл кездесу сұрақ-жауап түрінде өткізілді.Оқушыларға әр мамандықтың қыры мен сырлары жөнінде сыр шертілді.Әр мамандық иелері адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеудің маңызын түсіндірді. Сол себептен оқушыларға қазірден бастап мамандық таңдаудың дайындық жұмысына кірісу керектігін жеткізілді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып мардымды жауаптарын алды.