Жақында Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушылары Елбасымыздың «Қазақстанның әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында талқылап, дөңгелек үстел басында бас қосты. Бұл басқосуға жастар ресурстар орталығының маманы Сегізбаев Б, «Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі Әлдешова Б, мектеп-гимназиясының жас ұстазы Мұстахим А, мектеп инспекторы Елешова А қатысты. Кешті ұйымдастырып, жүргізген тарих пәнінің мұғалімі Өмірбекова Зоя.

 

Бас қосудың кіріспе сөзінде тарих пәнінің мұғалімі Гарифуллина Орынгүл «Жолдау жол сілтейді» -дей келіп, биылғы Жолдаудың басқа Жолдаудан ерекше екендігіне, ұстаздар мерекесі қарсаңында жарияланғанына тоқтала келе, табыстың өсуі мен тұрмыс сапасын арттыру туралы, ол үшін елде жасалатын жұмыстарға тоқталды. Бәріміздің елде жүріп жатқан үдерістерге атсалысуымыз керектігіне тоқталды. Әрі қарай сөз алған Сегізбаев Б еліміздегі жастардың үлкен күш екендігін айта келіп, 2019 жылы Жастар жылы деп аталады. Елбасымыз жастарға үлкен сенім артуда. Жастар деген 14-29 аралығындағы жастар. Оларды баспанамен, жұмыспен қамту, ерекше мән беріп жатқандығы туралы айтып өтсе, жас ұстаз Мұстахим А «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленіп жатқанын, одан үлкен үміт күтетінін, жүктеменің азайып, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік туатыны қуанышты екенін айтты. Әлдешова Б – отырған оқушылардың көбі  күні кешегі мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беретін балабақшада тәрбиеленген өзінің шәкірттері екенін айтып, ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, адам бойындағы жаңа дағдылар бала кезден қалыптасатынына тоқталып, қазіргі кезде балабақшада жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!», «Тәртіпке бас иген құл құл болмайды» деп бастаған сөзін оқушылар арасындағы жат қылықтарға тоқталды. Кейбір жағдайды полиция қызметкерлерін жазалаушы адам ретінде қабылдайтынын, ал шындығында олар қоғамда тәртіпті қамтамасыз ететін, қиын жағдайда көмек көрсетуші маман екенін жете түсінуді ескертті. Халық өзін қауіпсіз сезінуі үшін полиция қызметкерлері де өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы керектігін еске салды. Оқушылар әр жылдарға жолданған Жолдаудан Елбасы айтқан қанатты сөздерін оқып, мағынасына талдау жасады.  Ұлттық тарихымызды ұлықтап, бүгінгі биіктерімізді бағалап, Отанын сүйетін, толерантты, креативті тұлға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған басқосуда Ұлт көшбасшысының жолдауын қолдайтындықтарын, оны жүзеге асыру біздің қолымызда екенін түсінейік деген сөздермен дөңгелек үстел қорытындыланды.

 

Тарих пәнінің мұғалімі Алмағанова Саягүл