«Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында Д. Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары кәсіби бағдар беру бағыты бойынша «Мамандық сырлары: ата-анамның жұмыс орнында бір күн» тақырыбы бойынша Махамбет ауданының «Атырау-Жарық» мекемесіне саяхат жасады. Саяхат барысында мекеменің бас инженері - аға шебер Кумаров Мереке оқушыларға токтың жұмыс ережесімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар жақсы әсер алып, өздерінің ойларымен бөлісті.
Мақсаты: кәсіби бағыт-бағдар беру аясында оқушыларға электр жүйесімен таныстыру және болашақта осы мамандықты таңдайтын оқушыларға бағыт-бағдар беру.
Ұйымдастырушылар: мектеп тәлімгері - Хансултанова Д., кәсіби бағдар беруші - Есенжанова А.