2023 жылдың 11-15 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Жанұя және бала» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуіне байланысты «Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Махамбет ауданы,Махамбет ауылында орналасқан Д.Төленов атындағы  орта мектебінде 2023 жылдың 13 қыркүйек күні  8-11 сынып оқушыларымен жиын өтті. 

Махамбет ауданы полиция бөлімінің орынбасары полиция полковнигі А.Мурсалиев, Махамбет ауданы прокурорының орынбасары кіші әділет кеңесшісі Д.Жұмағалиев, Махамбет ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобы аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Бактикереев Ахмедьяр Жанибекович қатысып, ҚР ӘҚБтК-ның 127, 434, 435, 423/1, 441, 442 баптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылардың қойған сауалдарына жауап берді.

Шараның басты мақсаты: балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және ескерту, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының , қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

#біртұтас_тәрбие

#atyrau_tàrbie

Махамбет Ауданы Полиция Бөлімі