Д.Төленов атындағы орта мектебінде ұстаздар мерекесі қарсаңында  "Өмір жолы - өнеге "  атты зейнеткер ұстаз Лиза Бақтыбайқызымен сыр-сұхбат кездесу кеші қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің  ұйымдастыруымен өткізілді. Кешке Лиза апайдың үзеңгілес, бірге жүрген қазақ тілінің майталмандары Жібек Шамалиқызы мен Ұштап Сегізбайқызы, Лаззат Жулқанқызы  және  мектебіміздің түлегі, Лиза апайдың сүйікті шәкірті Жұпар Ерсайынқызы қонаққа шақырылды. Кеш барысында Лиза Бақтыбайқызы мен келген қонақтарға қызықты сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды. Лиза Бақтыбайқызының үзенгілес, замандас әріптестері өткен күндерге шолу жасап, қызықты сәттерімен бөлісті. Европадан арнайылап ат басын бұрған Жұпар Ерсайынқызы да өз кезегінде ұстазына ерекше сүйіспеншілігін білдіріп, тамаша естеліктерін ортаға салды.  Лиза апайдың бірге оқыған замандас құрбысы Раушан Амирдинқызының  және бір топ шәкірттерінің құттықтау видеолары көрсетілді. Сыр-сұхбат кездесу кеші өз мәнінде өткен шара болды.   Шара соңында мектеп әкімшілігі келген қонақтарға өз алғыстарын білдірді.